«МАМАНДЫҚ, ЕҢБЕК, БОЛАШАҚ» атты кәсіптік бағыттау фестивалі өтті

2014 жылдың 4 сәуірінде Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде аудан және қала мектептерінің 9,11 сыныптарына арналған «МАМАНДЫҚ, ЕҢБЕК, БОЛАШАҚ» атты кәсіптік бағыттау фестивалі өтті. Мамандық таңдау – бұл тағдыр таңдауы. Бұл жайлы мерекеде жүргізушілер, колледж оқушылары, әлеуметтік серіктестер және колледждің түлектері сөз созғады.
Колледждің әр бөлімі (бухгалтерлік, технологиялық, құрылыс және құқықтану бөлімдері) өз мамандықтары бойынша презентация жасап, әр мамандықтың маңыздылығы жайлы қызықты сахналық көріністер жасады.