5 сәуір күні Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде
Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Даурен Токтарбаевич Ержанов, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Алмас Магсутович Жалмагамбетов, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы Саян Канатович Аскаров, Петропавл қаласы прокурорының орынбасары Асхат Шарапханович Амитов есірткі қылмысына қарсы күрес, қоғам құндылықтары және заңға құрмет тақырыбында колледж студенттерімен кездесті .
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан есірткі қылмыстары үшін сотталғандармен стрим ұйымдастырылды. Кездесудің бұл форматы студенттерді қатты қызықтырды, олар өздерін толғандыратын сұрақтар қойды. Онлайн-кездесуде есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан тұтқындар студенттерге өз тарихын айтып берді: есірткіні қалай қолдана бастады, неге оларды тарата бастады, ата-аналарымен қарым-қатынастары. Түрмеге түскеннен кейін ғана олар есірткісіз өмірдің қаншалықты керемет екенін, бостандықтың қаншалықты құнды екенін түсінді және жасалған қылмыстарға қатты өкінеді.