Геодезиялық жабдықтармен жұмыс істей білу – бұл кез-келген сала құрылысшысының табысқа жету кілті

4 сәуірден бастап Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде құрылыс бөлімінің 55 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық аясында құрылыс пәндерінің ӘЦК пәндік апталығы басталды

Әрбір құрылысшы табысты еңбек қызметі үшін геодезиялық құралдармен сенімді жұмыс істеу, олардың құрылғысы мен мақсатын білу қажет екенін жақсы біледі

Геодезиялық жабдықтармен жұмыс істей білу – бұл кез-келген сала құрылысшысының табысқа жету кілті

Аптаның ашылу құрметіне трассаны бөлу кезінде геодезиялық құралдарды қолдану бойынша мастер-класс өткізілді. Аталған іс-шараға 3 және 4 курс студенттері қатысты.

Тәжірибе алмасу мақсатында мастер-класқа «Лира» ЖШС және «Қызылжар Су» ЖШС әлеуметтік серіктестері шақырылды.

Студенттер геодезиялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Өз дағдыларын бекіту үшін қатысушылар колледж аумағында нивелирлеу конкурсында жарысты.