Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы

2023 жылғы 9-13 қазан аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Семей қаласында құрылыс саласы бойынша республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті.

Бұл конкурсқа арнайы құрылыс пәндерінің 2 оқытушысы қатысты: «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша А. В. Малюга, «Сылақшы және декоративті жұмыстары» құзыреттілігі бойынша О.В. Ефремова.

Байқаудың мақсаты құрылыс саласы бойынша педагогтерді анықтау, ТжКББ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашылық педагогттерді қолдау болды. Байқау екі кезеңде өткізілді: теориялық және практикалық.

Конкурстық тапсырмалардың мазмұны Қазақстан Республикасының құрылыс саласы үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі мамандардың практикалық тәжірибесінің деңгейін анықтауды көздеді.

Біздің педагогттер осы құзыреттер бойынша дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Александр Васильевичті «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша медальон алуымен құттықтаймыз.