«Сәлем, Наурыз!» мерекелік шарасы.

18 наурыз күні Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде дәстүрлі «Сәлем, Наурыз!» мерекесі өтті. Наурыз мейрамына барлық кафедра оқытушылары мен студенттері белсене қатысып, халық әндері шырқалып, Қазақстан халықтарының билері орындалды. Мереке басында дәстүр бойынша «Шашу» және «Бата» рәсімдері орындалды. Ұлттық қазақ киімін киген колледж директоры Н.Д.Ухов жиналғандарды табиғаттың жаңғыруы мен ой тазалығының жарқын мерекесімен құттықтады. Мереке соңында барлығына дәмді хош иісті бауырсақтар ұсынылды.