Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны білім беру саласында қолдануды кеңейту

2024 жылғы 8 ақпан мен 1 наурыз аралығында «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК-де «Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны білім беру саласында қолдануды кеңейту» және «Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі» тақырыптары бойынша қазақ және орыс тілдерінде дәрістер өткізілді.

Дәріс өткізушілер: Лингвистикалық пәндер ӘЦК-ның төрағасы Бектенова Б.О., қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары Ешмуканова А.М., Жандильдина Қ.Б.

Аталған іс-шараларға колледждің барлық жас педагогтері мен 1 курс студенттері қатысты.

Дәрістің мақсаты: мемлекеттік тілдің мерейін арттыру, этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту; білім беру саласындағы қазақ тілінің қызметін кеңейту; мемлекеттік тілдің қоғамдық ортада қолданылу аясын кеңейту.