Кәсіподағының мүшелері арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир

20 наурызда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі Наурыз мейрамы аясында колледж кәсіподағының мүшелері арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир өткізді. Бұл чемпионатты өткізуге «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ бастамашылық етті.