Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел «Сөзден іске»

2021 жылдың 29 сәуірінде колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары Свинухова О.М. және Байбусинова Д.А. ZOOM платформасында адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Сөзден іске» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге:

- Зайцева Светлана Николаевна, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекторы,

- Петров Богдан Сергеевич, Қозыбаев атындағы университеттің құқық қорғау қызметкері, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ақпараттық-білім беру штабының мүшесі, сондай-ақ «Құқықтану» кафедрасының 214 224 244 топ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Зайцева Светлана Николаевна студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қоғамның рөлін күшейту туралы айтып берді.

Петров Богдан Сергеевич дөңгелек үстелге қатысушыларға академиялық адалдықтың не екенін және оның білім беру ортасында қаншалықты маңызды екенін егжей-тегжейлі айтып берді. Дөңгелек үстел соңында студенттер сұрақтар қойып, сауатты жауаптар алды.