«ЖҚЭК – білім және жұлдыздар айлағы»

21 сәуірде ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Александр Степанович Викторенко атындағы дипломдар мен алғыс хаттарды табыстауға арналған «ЖҚЭК – білім және жұлдыздар айлағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Александр Степанович Викторенко – 1-ші қатарлы әскери ұшқыш, 3-ші қатарлы сынаушы ұшқыш, парашюттік-десанттық дайындық нұсқаушысы, 1-ші қатарлы ғарышкер. Ұшақтардың 10-нан астам түрін игерді, ұшқан уақыты екі мың сағаттан асады, 150-ден артық рет парашютпен секірді, Кеңес Одағының батыры «Алтын Жұлдыз» медалімен, Ленин орденімен, Октябрь Революциясы орденімен, Халықтар достығы орденімен, III дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен, медальдармен марапатталды. Викторенконың төрт ғарыштық вахтадан өткені бар, бұл 1995 жылы жерлесімізге ұзақ уақыт ғарышта болғаны үшін әлемдік «қола» әкелді.

Бұл марапатқа еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін колледж оқытушылары мен қызметкерлері, оқудағы үздік жетістіктері және белсенді шығармашылық, қоғамдық, спорттық қызметі үшін колледждің үздік студенттері ие. Шара Ғарышкерлер күні мен Ғылым қызметкерлерінің күнін мерекелеу аясында өткізілуде. Іс-шараға профессор, экономика ғылымдарының докторы Анатолий Афанасьевич Башмаков, колледждің әлеуметтік серіктестері, Александр Степановичтің жерлестері мен достары, қала мектептерінің студенттері мен оқушылары қатысты.