«Жамбыл Жабаев-ұлт мақтанышы»

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Жамбыл Жабаев-ұлт мақтанышы» мәнерлеп оқу марафоны өтті.Бұл шара еліміздегі өтіп жатқан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021» балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдауға бағытталған. Бүгінгі мәнерлеп оқу марафонының мақсаты:Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл атамыздың үміт күткен ұрпақтары сыр шертті.Мұратбек Жандос Құрылыс бөлімінің студенті шараны домбырамен бастады,132 және 133 топ студенттері «Алатау», «Ленинградтық,өренім», «Өсиетім» т.б шығармаларын қазақ,орыс тілдерінде оқыды.Нұрбақыт Сәния 133 топ студенті Жамбылдың өлеңін қытай тілінде оқыды.


Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Қазақстанның кітап оқитын ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясы аясында «Жамбыл Жабаев – ұлт мақтанышы» атты мәнерлеп оқу марафоны өтті. Оқушылар Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан деректермен, ақын лирикасының негізгі ерекшеліктерімен танысты, қазақ, орыс тілдеріндегі шығармаларын оқыды. 133 топ студенті Нұрбақыт Сәния қытай тілінде Жамбылдың өлеңін оқыды. Мұндай іс-шаралар жастардың оқырман белсенділігін, мәдениетін арттырып, үлкен әдеби шығармаларды танып, түсінуге баулиды. Колледж кітапханасында ақынның кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.