Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстанның Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі. 12 желтоқсан күні колледжімізде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл күні біз Отанға деген сүйіспеншілігімізді ән мен жырда айттық. Колледж директоры өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлестері үшін ұстаздарға және жоғары оқудағы жетістіктері, колледж өміріне белсене араласқаны, бастамашылдығы мен шығармашылығы үшін колледж студенттеріне құрмет грамоталарын табыстады. Бейбітшілік, мейірімділік, бақ-береке, өркендеу тілейміз. Отанымыздың гүлденуінің жаңа еңбек жетістіктері.