Колледжге «Серпін-2050» ұлттық жобасы басқармасының бастығы келіп кетті
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде үшінші жыл қатарынан еңбекке жарамды адамдары мол аймақтан студенттер оқып жүр, олардың саны 81 адам құрайды. Болашақ мамандар құрылыс, бухгалтерлік және технологиялық бөлімдерінде білім алуда.
2017 жылдың 6 қарашасында «Серпін-2050» ұлттық жобасы басқармасының бастығы Күлзия Қадірқызы Тобатаевнамен кездесу өтті.
Өзінің сөзінде Күлзия Қадірқызы шәкіртақы, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әрі қарай жұмысқа орналастыру деген мәселелер жастардың көбін баурайды, сондықтан осы жоба шеңберінде студенттерде жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыру мүмкіндігі бар екені туралы баяндады. «Осы жоба танымал болып қалыптасуда және өз жұмысын бұл екпінде жалғастырады. Әрі қарай грандтардың санын арттыру жоспарлануда.»- деп Күлзия Қадірқызы мәлімдеді. Кездесу аяталуымен студенттер қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
Кездесу экскурсиямен жалғасты. Онда Күлзия Қадірқызына оқу аудиториялары, спортзал, асхана, сонымен қатар жатақхана көрсетілген болатын.