Көпұлтты мемлекетімізді мекен еткен ұлттардың тілдер күні мерекесі. Осыған орай Петропавл құрылыс – экономикалық колледжінде 17 қыркүйек «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі», «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір» атты әдеби салоны өтті. Оқушыларды өз отанын сүйюге, ана тілін қастерлеп өзге ұлттардың тілі мен мәдениетін тануға баулитын бұл шарада Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы жайлы бейне фильмдер мен өлеңдері мәнерлеп оқылды. Балалар әсем әннен шашу шашты. Тілдерді меңгеру және оларға құрмет көрсету Рухани жаңғырудың ажырамас бөлігі болып табылады.