2024 жылғы 27 қыркүйекте Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Тіл және әдебиет институтында Петропавл қ. жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттері арасында аймақтық «Полиглот» зияткерлік сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты: жастар арасында көп-тілділікті рухани құндылық ретінде насихаттау, оларды толеранттылыққа, мәдени аралық коммуникациялық құзіреттілікке тәрбиелеу болды.

Сайысқа барлық бағыттағы мамандықта оқитын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, ҰҰ Әскерии академияның, Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің және Жоғары құрылыс экономикалық колледжінің  күндізгі оқу бөлімінің 1-курс студенттері қатысты.

Біздің команданың құрамында:

1. Байбусинов Ринат, 113 тобының студенті, «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша, (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шаяхметова Толкын Адыровна).

2. Савченко Амина, 114 тобының студенті, «заңгер» мамандығы бойынша, (жетекшісі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Мырзабаева Динара Байторовна).

3. Фельдман Валерия, 114 тобының студенті, «заңгер» мамандығы бойынша, (жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бектенова Бибигуль Отегеновна).

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

І. «Тұсаукесер кезеңі (команданың атауы, ұраны, фото-слайд, немесе бейне ролик).

ІІ. «Білімпаз» кезеңі (үш тілдегі сұрақтарға жауап беру).

ІІІ. «Жұмбақтар» кезеңі (жұмбақтарды шешіп – қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару).

IV. «Жалынды жастармыз» кезеңі атты шағын жобаны қорғау кезеңі (өз мамандықтары бойынша болашағына қосатын үлестерін жарнамалау).

V. «Өнерліміз бәріміз» кезеңі (ән айту, би билеу, өлең оқу).

Сайыс жеңімпаздары дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Біздің колледж командасы сұрақтарға тез және сапалы жауап бере отырып, жоғары білім деңгейі мен зияткерлік қабілеттерін көрсете отырып, 1-ші жүлделі орынға ие болды!