2021 жылдың 9 қарашасында Бухгалтерлік есеп және ақпараттық пәндер апталығы аясында «1С Бухгалтерлік есеп: қадам бойынша» турнирі өтті. «1С Бухгалтерлік есеп» бағдарламасы бухгалтерлік есепте ең көп таралған өнім болып табылады. Жұмыс берушілердің заманауи талабы – 1С бағдарламасын білу. Турнирге «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Студенттердің білімін бағалау үшін колледждің әлеуметтік серіктестері шақырылды: «М.Қозыбаев атындағы ОҚМУ» ММ бас есепшісі Сейтембетова Л.У., Ч. «АФ Виноградовка» ЖШС есепшісі Мукушева А.Б., «Мемградкадастр» РМК бас есепшісі Кусулбаева Н.К. Оқушылар бағдарлама бойынша жақсы білімдерін көрсетті.