Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» 2022 жылдың 1 қыркүйегі.

Реформаторлар

2022 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған Елбасы Жолдауының атауының өзінде Мемлекет басшысы болашаққа нақты айқындап берген ел дамуының ең негізгі, елеулі бағыттары қамтылған.

Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы еліміздегі білім беру жүйесінің жағдайына үлкен мән берілуде.

Мен үшін ұстаз ретінде алдағы уақытта білім беру саласындағы өзгерістер қуантады. Елбасының жастарды оқытуға ұсынған білім гранттары, жеңілдікті несиелер, Ұлттық қор бағдарламасы ұлт әлеуетін көтеруде шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Қайраттың, ерік-жігердің, қабілеттің, құлшынысы мен ынтасының қоры шексіз, ұлт тағдырын түзейтін де жастар.

90 жылдық мерейтойын атап өткен Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде жастардың техникалық және заңгерлік мамандықтар бойынша білікті білім алуына барлық жағдай жасалған. Колледждің міндеті – еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бағытталып, еліміздің жаңа экономикалық бағытының міндеттерін орындау.

Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық: білімге деген құштарлық, еңбекқорлық және патриотизм жастардың қызметтің барлық маңызды салаларында өзін-өзі жүзеге асыруының негізгі мүмкіндіктеріне айналатынына сенімдімін.

Тулубаева С.Қ., ОӘК тарих пәнінің мұғалімі