«Ән бізді жеңіске жетеледі»

Жоғары құрылыс-экономикалық колледж сахнасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Нас песня к Победе вела» атты сахналанған әскери әндер байқауы өтті. Байқауға колледждің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты, іс-шарамен 300-ден астам адам қамтылды.