«Менің сүйікті кітабым» бейнероликтер байқауын

Барлығы оқығанды жақсы көреді. Кітаптар біздің өмірімізге бала кезімізден енеді. Оқылған кітап әрқашан ең жағымды естеліктер қалдырады, ал сүйікті кітап болса, ол біздің жүрегімізде өмір бойы сақталады.

«Оқуға құштар колледжі» концепциясы аясында ЖҚЭК кітапханасы «Менің сүйікті кітабым» бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.

Бұл байқауға  колледждің 10 оқытылушысы ниеттерін білдіріп, қатысты.

«Менің сүйікті кітабым» бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

– «Сүйікті әңгіме» номинациясы бойынша – Абдула Рафлезия, 167 тобы;

– «Кітапқұмар» номинациясы бойынша – Османов Жабраил, 281 тобы;

– «Менің жаңа әдеби кейіпкерім» номинациясы бойынша – Мондель Юлиана, 147 тобы.

«Менің сүйікті кітабым» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!