Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттың бірыңғай сағаты

Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 14 наурыз күні сағат 11:00-де Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына 20 жыл» тақырыбында Бір сағат өтті. Бірыңғай ақпараттық сағаттың қонағы «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Свинухова Ольга Михайловна болды. Шараға барлық колледж студенттері қатысты.