Қамқоршылық кеңес

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қолданыстағы Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты Қамқоршылық кеңеске кандидаттарды қабылдауды жариялайды.
Кандидаттар хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар
Кандидаттар кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.