2021 жылдың 25 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Нәзір Азаматұлы Жәшібеков Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде болды. Басшы колледжді аралап, оқу корпусын, зертханаларды, шеберханаларды және жатақхананы аралап көрді. Колледждің қызметі, «Жас Маман» бағдарламасының жүзеге асырылуы, студенттердің кәсіби-шығармашылық байқаулардағы жетістіктері туралы айтылды. Колледж студенттері мен оқытушыларымен болған әңгімеде Нәзір Азаматұлы мамандарды сапалы дайындаудың маңыздылығына тоқталды. Ол үшін колледжде барлық жағдай жасалғанын атап өтті.