Интеллектуалдық ойын «Менің Қазақстаным»

2024 жылдың 11 қаңтарында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі кітапханашылары мен «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің қызметкерлері «Ұлыларға тағзым» атты тарих апталығы аясында «Менің Қазақстаным» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойынға есеп бөлімінің 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің интеллектуалдық әлеуетін ашып, жастардың назарын өз мемлекетінің тарихын зерттеуге аудару.