30 қарашада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Қазақстан Республикасының ТОП 100 үздік колледж студенті» республикалық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы Каримова Гүлмира Раинбекқызы.
Облысымыздың студенттері Республикалық «Қазақстан Республикасының 100 үздік колледж студенті» жобасына белсене қатысты, 23 қатысушы республикалық кезеңге өтті, оның 7-і республиканың 100 үздік студенті қатарынан көрінді. Бұл жобаның мақсаты – дарынды жастарды қолдау, еңбек біліктілігін және білім, біліктілік және дарындылық арқасында жетістікке жеткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін насихаттау.
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жобасының жеңімпаздары Алина Малюга, Салима Бекмурзаева. Студенттер Білім басқармасының Сертификаттарымен және Республикалық ТОП 100 жобасының естелік белгілерімен марапатталды.
Жобаға қатысушы, колледжіміздің есеп бөлімінің түлегі Малюга Алинаға колледждің әлеуметтік серіктесі, «Лира» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Радченко Андрей Александрович жұмысқа жолдама табыс етті.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!