«Қазақстан-Петропавл» телерадиокомпанияның «Біз айтпасақ» ток-шоуына қатысу

2017 жылдың 23 ақпан күні Ресурстық орталықтың қызметкерлері, өндірістік оқыту шеберлері және біліктілікті жұмыс кадрлар бөлімінің студенттері «Қазақстан-Петропавл» телерадиокомпанияның «Біз айтпасақ» ток-шоуына қатысты. Студияда Ресурстық орталықтың директоры Н.Д.Ухов, СҚО бойынша Құрысшылар ассоциациясының атқарушы директоры Дорошенко В.И., РО әдіскері Ю.В. Ерёмочкина, өндірістік оқыту шебері М.И.Букин болды. Осы түсірілім техникалық және кәсіптік білімнің өзекті мәселелеріне, әлеуметтік серіктестікті дамыту, жұмыссыз отырған халықтың курстық дайындықтан өту мәселелеріне және жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге бағытталған Ресурстық орталықтың жұмысына арналған болатын. Ток-шоуының жүргізуші студия қоңақтарымен, біліктілікті жұмыс кадрлар бөлімінің студенттерімен құрған диалог-әңгіме қазіргі таңдағы техникалық және кәсіптік білімнің мәселелерін, аймақтағы құрылыс саласының даму нәтижелерін ашып қарастыруға мүмкіндік беріп, осыған байланысты Ресурстық орталықтың атқарып жатқан жұмысы өзекті екеніне назар аудартты.