Мемлекеттік тіл – менің тілім!

19 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған декада аясында орыс тілінде білім алатын студенттер мен оқытушылар арасында өз еліне, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты викторина өтті.