2022 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында колледжде жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Оған 1 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушылары 1986 жылғы желтоқсандағы қайғылы оқиғаларды, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын еске алды.
Тәуелсіздікке апаратын жол ұзақ және ауыр болды. Біз 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл планетаға ұлттық тәуелсіздіктің не екенін көрсеткен батыл жастардың есімдерін ұмытпауымыз керек. Жастар туған мемлекетінің тәуелсіздігін талап етіп алаңға шыққан желтоқсан күндері мәңгі біздің есімізде қалады. Бұл оқиғалар Қазақстан тарихында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастауы, халық тағдырындағы бетбұрыс болды.