«Тәуелсіз Қазақстан – экономика дамуының жаңа кезеңінің шындығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел. Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде атқарылған істердің барлығын асыра бағалау қиын. Қазақстан мемлекеттіліктің барлық институттарын қалыптастырды, жетекші халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесі болды. Ұлттық стратегиялар мен бағдарламалар аясында қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларын ауқымды жаңғырту жүргізілуде.

Шара барысында студенттер негізгі мәселелерді, болашағымыздың негізін қалаған маңызды оқиғаларды талқылады. «Қазақстан Тәуелсіздік жылдарындағы» фильмі, Қазақстанның 21 ғасырдағы дамуының болжамдары және Солтүстік Қазақстан облысының даму кезеңдері көрсетілді.