Мұражай_сабағы

2024 жылдың 11 қаңтарында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі кітапханашылары мен «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің қызметкерлері «Ұлыларға тағзым» атты тарих апталығы аясында «Абылай ханның тарихи портреті» атты музей сабағын өткізді.  Шараға құрылыс бөлімінің 1 және 2  курс студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: қазақ ханы, ұлы қолбасшы, атақты батыр, саясаткер Абылай ханның мұрасын насихаттау, студенттерді оның өмірбаянымен және Қазақ хандығын нығайтуға бағытталған ішкі және сыртқы саясатымен таныстыру.