Демонстрациялық емтихан

2023 жылғы 10 наурызда технологиялық бөлімде 317-топта «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша «аспазшы» жұмысшы біліктілігін беру үшін демонстрациялық емтихан өткізілді.

Сарапшылар:

  1. Хамза Сайран Шайсұлтанұлы, «СҚО мейрамханалар мен мейманханалар иелерінің қауымдастығы» ҚБ төрағасы;
  2. Минасян Нерсес Исакович, «Европа» мейрамхана кешенінің директоры;
  3. Медведев Евгений Олегович, «Black Бери»  кофехаларының бас аспазшысы;
  4. Ладырда Ирина Анатольевна – «Пиццоли» мейрамханасының директоры;
  5. Техникалық сарапшы – Наталья Александровна Загайнова,  өндірістік оқыту шебері.

12 адамнан тұратын қатысушылар WorldSkills стандарты бойынша үш тапсырманы орындады:

  1. «Морской коктейль» салаты
  2. Жасымықтан көже-крем
  3. Гарнир және тұздықпен бұқтырылған балық

Сарапшылар келесі студенттердің тағамдарын атап өтті:

  1. Савранская Виолетта
  2. Чеснокова Дарья
  3. Фольц Яна