2016 жылдың 23 ақпанында «Мәңгілік ел жастары – индустрия» бағдарламасының Республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс сапарымен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде болды. Жоба еңбек ресурстары көп өңірлердің жастарын оқытуға және мамандар тапшылығы бар өңірлерде жұмысқа орналастыруға бағытталған. 2015 жылдың қыркүйек айынан бері «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша колледждің құрылыс бөлімінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен 24 студент білім алуда.
Мұрат Әбенов сапарын колледждің бас ғимаратын аралаудан бастады. Оқу кабинеттерімен танысып, ғарышкерлер аллеясын аралады. (1-сурет) Мұрат Әбенов колледжбен танысуын зертханалар мен өндірістік цехтарда жалғастырды. Оған өндірістік цехтардың заманауи жабдықтарын Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің директоры Ухов Н.Д. (2-сурет) Одан әрі М.Әбенов «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті. Кездесу колледж базасында ашылған Бейбітшілік және келісім орталығында өтті. (сурет 3,4,) Кездесу өте қызу өтті. Жиналған «Серпіновтіктер» «Серпін-2050» бағдарламасының бас үйлестірушісінің «бірінші қолынан» студенттерді толғандырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. (5,6 сурет). М.Әбенов ПСЭК-ке Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен оқуға келген студенттердің барлығы жатақханамен қамтамасыз етілгенін және шәкіртақы алатынын жеке тексеруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, оларға тамақ ұйымдастырылып, көлік мәселесі шешілген. Студенттер солтүстік өңірлерге келгендіктен бірінші кезекте жылы киімге ақша бөледі. Кездесу соңында студенттер Мұрат Әбеновке қызықты кездесу үшін алғыстарын білдіріп, бірнеше музыкалық нөмірлерін тарту етті. Өз кезегінде сөз алған «Серпін-2050» бағдарламасының бас үйлестірушісі М.Әбенов жігіттерге бұл кездесу соңғысы емес екенін, жақын арада Қазақстанның солтүстік өңіріне кезекті сапары болатынына сендірді. |