«Біз Біргеміз! - Біз біргеміз!» Біз, PSEC волонтерлері, «Biz Birgemiz» челленджіне қосылдық. Аналар үйінің жанындағы қарды тазаладық. Айта кету керек, биыл облыста өткен жылмен салыстырғанда жауын-шашын екі есе көп түсті. Сондықтан студенттер бір реттік көмек көрсету науқанымен шектелмек емес. Бүкіл қала, бүкіл ел – біздің үлкен үйіміз. Біз өз үлесімізді қосып, коммуналдық қызметке көмектесуіміз керек. Бұл бастаманы бәріміз қолдадық.